Онлайн: 2
Курстты өтіп жатыр: 0
20–21 маусым күндері Петропавл қаласында өңірдің түкпір-түкпірінен келген жүздеген жас мұғалім «Жас маман – жаңа қадам» слетіне жиналды. Іс-шара аясында Smart Ustaz платформасы ұйымдастырған мұғалімнің кәсіби жолын жоспарлау бойынша тәжірибелік тренинг өтті.
Бүгінде білім беру тек оқулықтармен шектелмейді. Мұғалімдер – болашақ ұрпақтың ойлау жүйесін қалыптастыратын басты тұлғалар. Сол себепті когнитивтік икемділік, сыни ойлау және назарды басқару сияқты дағдылар алдыңғы қатарға шығып, заманауи мұғалімнің кәсіби нормасына айналуда.
Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі дамыту, мақсат қою, уақытты басқару тәсілдерін меңгеріп, өздерінің мықты тұстары мен даму аймақтарын анықтады. Сонымен қатар, сыни және креативті ойлау, когнитивтік икемділік, стресске төзімділік және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға арналған құралдармен танысты.
– Біз мұғалімдерді өзгермелі жағдайларда шешім қабылдауға, өзін басқаруға және оқушылар үшін шынайы өзгерістердің жолбасшысы болуға үйретеміз. Қазіргі балалар мұғалімді тек білім көзі ретінде көрмейді – бар ақпарат интернетте бар. «Жатта – тақтада айт» тәсілі енді жұмыс істемейді.
Мұғалімнің рөлі едәуір кеңейді: бүгінде мұғалім – бұл тек пән үйретуші емес, тәлімгер, гид, дос, ол оқушысын білім әлемінде ертіп жүреді, – дейді Smart Ustaz жобасының жетекшісі әрі тренері Алина Хаматдинова.
Тренингтен бөлек, форум қатысушыларына «El Úmiti» корпоративтік қорының басқа да жобалары таныстырылды.