logo
Пайдаланушы ақпараты

Онлайн: 5

Курстты өтіп жатыр: 0

Жиі қойылатын сұрақтар
Smart Ustaz деген не?

Smart Ustaz – бұл біліктілікті арттыруға, кәсіби және жеке өсуге арналған әр түрлі курстар мен ресурстарды ұсынатын заманауи онлайн-білім беру платформасы.

Миссиясы

Біздің миссиямыз - сапалы құралдар, әдістемелер мен сараптамалық қолдау ұсына отырып, оқыту және тәрбиемен айналысатын әрбір маман үшін бірыңғай білім беру кеңістігін құру.

Smart Ustaz кімдерге пайдалы?

  • Ұстаздарға – заманауи оқыту әдістемелері, біліктілікті арттыру курстары.
  • Ата-аналарға – балалардың тәрбиесі мен дамуы туралы пайдалы білім.
  • Студенттерге – білім беру курстары және мамандық бойынша жұмыс істеуге дайындық.
  • Психологтарға – балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі тренингтер мен материалдар.
  • Білім беру мекемелерінің директорлары мен әкімшілеріне – мектептерді басқару, қызметкерлерді дамыту, оқу процесін цифрландыру.

Платформа мақсаты

  • Мұғалімдерге тиімді оқытудың заманауи құралдарын ұсыну.
  • Ата-аналарға өз балаларын жақсы түсінуге және қолдауға көмектесу.
  • Тәжірибе алмасуға және шешім табуға болатын кәсіби мамандар қауымдастығын құру.
  • Білім беру саласын цифрландыруға және мектептерге инновацияларды енгізуге көмектесу.

Smart Ustaz артықшылықтары

  • Икемді формат – курстар 24/7 қолжетімді, ыңғайлы уақытта оқуға болады.
  • Мәңгілік қолжетімділік – курсты өтуге уақыт шектеуі жоқ.
  • Инновациялық әдістемелер озық зерттеулер негізінде оқыту.
  • Кәсіби мамандар қауымдастығы – сарапшылармен және әріптестермен өзара байланыс.

Практикалық тұрғыдан құнды бірден қолдануға болатын дағдылар мен білім.

Smart Ustaz сайтын қалай пайдаланамыз?

Smart Ustaz онлайн оқуға арналған ыңғайлы платформа. Пайдалануды бастау үшін алдымен тіркелуден өтіңіз. Тіркелгеннен кейін пайдаланушылар сатып алуға және оқуға болатын курстарға қол жеткізе алады.

Smart Ustaz сайтында қалай тіркелуге болады?

Курстар мен білім беру материалдарына қол жеткізу үшін мынадай амалдарды реттілікпен орындау керек:
1. Алдымен сайтқа өтіңіз
· Браузерді ашып, мекенжай жолағына smartustaz.kz деп теріңіз.
· Өзіңізге ыңғайлы интерфейс тілін таңдаңыз: қазақша немесе орысша.
2. Аккаунт құрыңыз
· Басты бетте жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Курс сатып алу» батырмасын басыңыз.
· Тіркелу екі кезеңнен тұрады.
1-кезең: Жеке деректерді енгізу
Барлық міндетті өрістерді толтырыңыз:
· Аты
· Тегі
· ЖСН
· Электрондық поштаңыз
· Телефон нөміріңіз
· Құпия сөз ойлап тауып, енгізіңіз
Толтырғаннан кейін «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
2-кезең: Ұйымыңыз туралы ақпарат енгізіңіз
Келесі мәліметтерді таңдаңыз:
· Облыс
· Аудан
· Елдімекен
· Ұйым түрі
· Ұйым атауы (тізімнен немесе тізімде жоқ болса, қолмен енгізіңіз)
· Лауазымыңыз бен еңбек өтіліңіз
Пайдалану шарттары мен Құпиялылық саясатын оқып шығып, содан кейін құптау белгісімен растап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
3. Тіркеуді растау
· Тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштаңызды тексеріңіз.
· Smart Ustaz-дан келген хатты тауып, аккаунтыңызды растау үшін сілтемеге өтіңіз. Барлық кіріс хаттарды, соның ішінде «Спамды» да тексеріңіз.
· Растағаннан кейін жеке кабинетке кіріп, оқуды бастай аласыз.

Smart Ustaz платформасында курсты қалай таңдаймыз?

Платформада таңдауға берілетін курстар көп. Өзіңізге пайдалы болатын курсты табу және таңдау үшін:

  1. Басты бетте жоғарыда орналасқан мәзірден «Курстар» бөліміне өтіңіз.
  2. Толық курстар тізімі және іздеу жолы бар бет ашылады.
  3. Курстың сипаттамасын ашу үшін атауына басыңыз.
  4. Курстың:

- Бағдарламасымен

- Оқу ұзақтығымен

- Меңгеретін дағдылармен және басқа да мәліметтермен таныса аласыз.

Сатып алып, оқуды бастау үшін «Курс сатып алу» батырмасын басыңыз.

Сатып алынған курсқа қалай қол жеткіземіз?

Сатып алынған курс жеке кабинетіңіздегі «Менің курстарым» бөлімінде пайда болады. Бұл жерде сіз:

- Оқуды өзіңізге ыңғайлы уақытта бастай аласыз.

- Оқу бойынша үлгеріміңізді бақылай аласыз.

- Қосымша материалдар мен үй тапсырмаларын ала аласыз.

Сертификат алу үшін тесттер мен емтихан тапсыра аласыз.

Cайтқа тіркелу немесе жүйеге кіре мүмкін болмаса не істеу керек?

Егер сізде тіркелуде немесе жеке кабинетке кіру кезінде техникалық қиындықтар туындаса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:

- Енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз (ЖСН, құпиясөз);

- Тіркелуді растайтын хаттың «Спамға» түспегеніне көз жеткізіңіз;

- Құпия сөзді кіру бетіндегі «Құпия сөзіңізді ұмыттыңыз ба?» батырмасы арқылы қалпына келтіріңіз;

Сайттағы кері байланыс формасы арқылы қолдау қызметіне хабарласыңыз. Біздің байланыс телефонымыз: +7 706 649 82 61; электрондық поштамыз:info@smartustaz.kz 

Курстар министрлік тарапынан келісілген бе?

Иә, Smart Ustaz платформасында жарияланған курстар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және ресми бағдарламалар тізіміне енгізілген. Ол курстың постерінде қызыл белгішемен белгіленген. Толық тізіммен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында танысуға болады:(https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/457665?lang=ru).

Ресми келісімнен өткен курстар педагогтарды аттестаттау кезінде ескеріледі, бұл оларды кәсіби өсудің құнды құралы етеді.

Оқу қаншаға созылады?

Оқу ұзақтығы нақты курсқа байланысты және 8-ден 80 академиялық сағатқа дейін өзгереді. Оқу ұзақтығы туралы нақты ақпарат әрбір курстың сипаттамасында көрсетілген.

Курсты қалай таңдап, жазыламыз?
  1. Курс бетін ашамыз:
    - Басты беттегі «Курстар» бөліміне өтеміз.
    - Өзіңізге қажетті бағдарламаны табу үшін іздеу жолын немесе сүзгілерді қолданыңыз.
  2. Мәліметтерін қараймыз:
    - Курс бағдарламасымен, оқу ұзақтығымен, қажетті дағдылармен және оқыту форматымен танысып шығыңыз.
  3. Курсқа жазыламыз:
    -
    «Курсты сатып алу» батырмасын басыңыз.
    - Қатысуыңызды растап, төлем жасауға өтіңіз (егер курс ақылы болса).
    - Тіркеуден сәтті өтсеңіз курс жеке кабинетіңіздегі «Менің курстарым» бөлімінде пайда болады.
Курс неден тұрады?

Әрбір курс бірнеше тақырыпты қамтитын 3-4 модульден тұрады.

Курс форматы:

- Видеодәрістер мен презентациялар

- Практикалық тапсырмалар мен жаттығулар

- Қосымша оқу материалдары

- Әрбір модульден кейінгі аралық тестілеу

Курсты аяқтау үшін қорытынды тестілеуден өту қажет.

Курсты аяқтағаннан кейін сертификатты қалай алуға болады?

- Сертификат курсты сәтті аяқтаған және қорытынды тесттен кемінде 80% нәтижемен өткен жағдайда ғана беріледі.

- Сертификат электронды және/немесе қағаз түрінде болуы мүмкін.

- Электронды сертификат автоматты түрде жеке кабинетіңіздегі «Менің профилім» → «Сертификаттар» бөліміне қосылады, осы жерден оны жүктеп алуға болады.

- Егер қағаз сертификат қарастырылған болса, жоба менеджері сізбен деректеріңізді нақтылау үшін байланысады және сіз көрсеткен мекенжайға жібереді.

Курсқа қалай төлем жасаймыз?
  1. Курс бетіне өтіп, «Курсты сатып алу» батырмасын басыңыз
  2. Ашылған терезеден «Курсқа төлем жасау» батырмасын басыңыз.
  3. Егер сізде промокод болса, оны ұйымның ЖСН/БСН-мен бірге енгізіңіз. Егер промокод жоқ болса, «Өткізіп жіберу» батырмасын басыңыз.
  4. Егер қағаз сертификаты бар курс таңдалса, жеткізу мекенжайын енгізіңіз.
  5. Банк картасының деректерін (нөмір, жарамдылық мерзімі, CVV-код) енгізіп, «Төлеу» батырмасын басыңыз.

Төлем қорғалған төлем жүйесі арқылы жүргізіледі.

Қай уақытта оқуға болады?

Барлық курс 24/7 онлайн форматта қолжетімді, бұл сізге ыңғайлы уақытта және өз қарқыныңызбен оқуға мүмкіндік береді.

Материалдар қанша уақытқа дейін қол жетімді?

Курс материалдарына қол жеткізу мәңгі сақталады. Курсты аяқтағаннан кейін кез келген уақытта видеодәрістерді, презентацияларды және басқа материалдарды қарап шығуға болады.

Платформа ұсынатын сертификаттың мансаптық өсуге пайдасы бар ма?

- Smart Ustaz курстары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Сараптамалық кеңесімен келісілгендіктен, педагогтарды аттестаттау кезінде ескеріледі.

- Сертификаттар біліктілікті арттырғаныңызды растайды, бұл мансаптық өсуге және біліктілік санатын жоғарылатуға ықпал етеді.

- Платформада оқу арқылы сіз жаңа оқыту әдістемелері мен заманауи білім беру технологияларын меңгересіз, бұл сізді еңбек нарығында сұранысқа ие маман етеді.

Мұғалімдерге арналған платформада қандай байқаулар, іс-шаралар ұйымдастырылады?

Smart Ustaz платформасы мұғалімдердің кәсіби және жеке дамуына арналған байқаулар, семинарлар, офлайн-тренингтер мен вебинарларды қоса алғанда, педагогтарға арналған түрлі іс-шараларды белсенді түрде ұйымдастырады. ​

Байқауларға қалай қатысып, қандай жүлделер ұтып алуға болады?

Байқаулар мен іс-шараларға қатысу үшін Smart Ustaz платформасының ресми сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімін және Instagram-парақшасын үнемі қадағалап отырыңыз. Онда алда өтетін оқиғалар, қатысу шарттары және ықтимал жүлделер туралы ақпарат жарияланады. Мысалы, байқаулардың бірінде қатысушылар Астанада өтетін екі күндік семинарға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Алда өтетін іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білеміз?

Болатын байқаулар, семинарлар және тренингтер туралы барлық соңғы ақпаратты мына жерлерден таба аласыз:​

- Smart Ustaz ресми сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімінен;

Платморманың Instagram-парақшасынан @smartustaz2021 (сілтеме https://www.instagram.com/smartustaz2021/)

Smart Ustaz ұйымдастырған шараларға қатысудың қандай пайдасы бар?

- Кәсіби даму: Семинарлар мен тренингтерге қатысу арқылы біліктілігіңізді арттырып, кәсіби дағдыларыңызды көбейтесіз.

- Нетворкинг (Байланыс орнату): Әріптестермен тәжірибе алмасуға және болашақта пайдалы болатын кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік аласыз.

- Мойындау мен жүлделер: Байқау қатысушылары құнды жүлделерге, сертификаттарға ие болып, кәсіби қоғамдастықта мойындауға қол жеткізе алады. ​

Сайтпен жұмыс істеу барысында қиындықтар туындаса не істейміз?

Егер сайт жұмысы немесе техникалық мәселелер бойынша ақаулар туындаса, Smart Ustaz платформасының қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады.:

- WhatsApp: +7 706 649 82 61

- Электрондық пошта: info@smartustaz.kz

Техникалық қолдау арқылы қандай мәселелерді шеше аласыз?

Қолдау қызметі сізге келесі жағдайларда көмектесе алады:

- Тіркелу немесе жеке кабинетке кіру кезінде орын алатын қателер

- Курстардың көрінуі немесе оны жүктеу бойынша туындайтын мәселелер

- Курстарға ақы төлеу және оларды белсендіру бойынша сұрақтар

- Сертификаттарды алу және жүктеп алу кезіндегі қиындықтар

Сайттағы техникалық ақаулар

Өтінімді өңдеу қанша уақытты алады?

Сіздің сұрауыңыз бойынша жауап жұмыс күндері 24 сағат ішінде келіп түседі. Техникалық ақаулар алдымен қаралады.

Қалай Smart Ustaz жаттықтырушысы болуға болады?

Smart Ustaz педагогтар мен психологтарға Training of Trainers (ТоТ) – «Жаттықтырушыларға арналған тренингке» қатысу мүмкіндігін ұсынады. Бұл тренинг заманауи оқыту әдістемелерін меңгеруге ғана емес, сонымен қатар өз өңірлеріндегі басқа мұғалімдерді оқытуға да мүмкіндік береді.

Smart Ustaz жаттықтырушыларға арналған тренингі деген не?

ТоТ – бұл 2-3 күндік интенсивті бағдарлама, оның барысында қатысушылар Қазақстанның үздік жаттықтырушыларымен, коучтарымен жұмыс істей отырып, «Тиімді ойлау және когнитивті икемділік дағдылары» тақырыбындағы төрт негізгі модульді меңгереді.

Бағдарлама:

- Мұғалімдердің сыни және креативті ойлау қабілетін дамытуға;

- Заманауи оқыту әдістемелерін меңгеруге;

- Уақытты, эмоцияларды және кәсіби дамуды басқару дағдыларын қалыптастыруға;

- Оқу процесіндегі стигматизацияның алдын алу құралдарын үйренуге;

- Мұғалімдер жаңа компетенцияларға негізделген сабақтар құрастырып, өткізе алатын орта құруға бағытталған.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар екі сертификат алады:

  1. smartustaz.kz платформасында онлайн-курстан өткені туралы
  2. Басқа мұғалімдерді оқытуға құқық беретін жаттықтырушы сертификаты
Тренингке қалай жазыламыз?

Егер сіз Smart Ustaz жаттықтырушысы болғыңыз келсе, info@smartustaz.kz электронды поштасына тақырыбына «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» деп жазып, өтінім жіберіңіз.

Хатта келесі ақпараттарды көрсетіңіз:

- ТАӘ

- Білім саласындағы жұмыс тәжірибеңіз

- Қысқаша түйіндеме

- Тұратын өңіріңіз

- Бағдарламаға қатысуға деген ынтаңыз

Өтініміңіз қарастырылғаннан кейін, менеджер сізбен байланысып, жақын арада өтетін тренингтер туралы ақпарат береді.

Smart Ustaz жаттықтырушысы болу қандай пайда береді?

- Әріптестеріңізді оқытып, өз өңіріңізде білім жая аласыз

- Кәсіби және желе тұлғалық компетенцияларыңызды дамытасыз

- Smart Ustaz-дың білім саласындағы бастамаларына қатыса аласыз

- Платформаның әдістемелік қолдауы мен ресурстарына қолжетімділік

- Қазақстанның үздік жаттықтырушылары қауымдастығына мүше боласыз.

Smart Ustaz платформасы серіктестеріне не ұсына алады?

Біз білім беру мекемелерін, компанияларды және тәуелсіз сарапшыларды ортақ жоба жасауға шақырамыз! Әріптестіктің негізгі бағыттары:

- Ортақ білім бағдарламалары мен курстарды әзірлеп шығару

- Вебинарлар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру

- Ақпараттық қолдау (білім беру жобаларын бірге насихаттау)

- Платформа ұйымдастыратын байқаулар мен шараларға қатысу

Smart Ustaz курстарын сату немесе өз аймақтарында, қалаларында аудиторияңыз арасында курстарды ұйымдастыру және өткізу

Серіктес болуға өтінім беру жолы қандай?

Егер сіздің ұйымыңыз Smart Ustaz платформасымен ынтымақтасуға мүдделі болса, info@smartustaz.kz электронды поштасына «Smart Ustaz-бен серіктестік» тақырыбымен хат жіберіңіз.

Хатта мынадай ақпараттарды көрсетіңіз:

- Ұйым атауы/Есіміңіз, Instagram профиліңіз

- Сізді қызықтыратын ынтымақтастық форматы

- Байланыс деректеріңіз

Өтініміңіз қарастырылғаннан кейін менеджеріміз сізбен талқылау үшін хабарласады.

Smart Ustaz-бен ынтымақтастық қандай артықшылық бере алады?

- Үлкен педагогикалық аудиторияға қолжетімділік

- Білім беру бағдарламаларына қатысу арқылы сарапшылық деңгейіңізді, компетенцияңызды арттыру

- Серіктес жобалар мен іс-шаралар арқылы брендті насихаттау

Smart Ustaz платформасы жаңа білім беру бастамаларына әрқашан ашық және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын.

Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?
Қолдау қызметіне сұрау салыңыз: