logo
Пайдаланушы ақпараты

Онлайн: 2

Курстты өтіп жатыр: 0

Қызылорда қаласында мұғалімдердің шаршауының алдын алу бойынша шаралар өтті

  • Мерзімі: 2025-05-27

2025 жылғы 27 мамырда Қызылорда қаласында педагогтарға арналған «Педагогикалық қызметтегі эмоциялық күйзелістің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Бұл іс-шара Қызылорда облысы білім басқармасының қолдауымен Smart Ustaz білім беру жобасы аясында ұйымдастырылып, мұғалімдердің кәсіби және эмоциялық саулығын қолдауға бағытталды.

Шараға қатысқан отыздан астам педагог-психологтар стрессті басқару, эмоциялық интеллектті дамыту, ішкі ресурстарды сақтау және кәсіби шаршауды еңсеру бойынша практикалық құралдарды үйренді.

Сондай-ақ, заманауи педагогке қажетті soft skills (жұмсақ дағдылар) - икемді ойлау, стреске төзімділік, тиімді коммуникацияны дамытуға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар тренингтің тек оқыту шарасы емес, мамандыққа деген көзқарасын қайта қарауға, психологиялық тұрақтылықты нығайтуға және жаңа идеялармен шабыттануға серпін беретін мүмкіндік болғанын атап өтті.

news