logo
Пайдаланушы ақпараты

Онлайн: 0

Курстты өтіп жатыр: 0

Smart Ustaz жобасынан оқушылар мен педагогтерге арналған зияткерлік ойын

  • Мерзімі: 2025-04-29

2025 жылдың 29 сәуірінде Балқаш қаласындағы Қазақстан тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» атты интеллектуалды-білім беру ойыны өтті.

Бұл шара икемді дағдыларды (soft skills) дамытуға және Қазақстан тарихын интерактивті форматта терең зерттеуге бағытталды.

«Бүгінде білім саласы балалардан білім ғана емес, сонымен қатар топпен жұмыс істеуді, сыни ойлауды, тыңдауды, талқылауды және тез бейімделуді талап етеді. Мұндай дағдыларға мектеп бағдарламасы аясында әрдайым назар аударыла бермейді, бірақ дәл осы қабілеттер балалар мен ересектерге өздерін ортада сенімді сезінуге, бастамашы болуға және басқалармен жақсы араласуға  үлкен көмегін тигізеді», - дейді Smart Ustaz жобасының жетекшісі Алина Хаматдинова.

Ойын барысында қатысушылар ерекше білім беру ортасында өздерін көрсете алды, коммуникация, креатив және логика секілді soft skills дағдыларын дамытып, сондай-ақ жаңа эмоциялар алып, оқуға деген ынтасын ашты. Жеңімпаздарға Smart Ustaz сыйлықтары, сертификаттары және фирмалық мерч сыйланды.

news