Қызылордада өткен тренингтерде мектепте тұлғалық дағдыларды дамытудың және стигматизацияның алдын алудың маңыздылығы туралы оқылды
2022 жылғы 30 – 31 наурызда Қызылорда қаласында «Тұлғалық дамуды басқару: мақсат қою, жоспарлау және тайм-менеджмент» және «Стигматизация теориясы немесе «жапсырмаларды жапсыру» және оның мұғалімдердің этикалық нормаларымен/ қағидаларымен өзара байланысы» тақырыптары бойынша екі күндік тренинг өтті. Іс-шараға 58 мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Тренингтерде жоба сарапшысы және тренері Майя Наримова мұғалімнің тұлғалық дамуына бағытталған өзекті құралдар мен әдістер туралы айтты. Практикум барысында тренингке қатысушылар алған дағдылары мен құралдарын дұрыс қолдануды үйренді. Сонымен қатар, стигматизация теориясына арналған тренингте стигматизацияның пайда болу себептері және оның мектеп ортасында алдын-алу жолдары анықталды.