logo

Қазақстан тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» республикалық олимпиадасының қорытындысы

  • Мерзімі: 2024-12-11

11 желтоқсан күні Астана қаласында еліміздің үздік тарих мұғалімдері бас қосқан ерекше білім сайысы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Қарағанды обылыстары мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан келген мұғалімдер қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады:
1-орын- Шарипова Амина, Ақмола облысы 
2-орын- Қондыбаева Гүлназ, Алматы қаласы
3-орын- Бозымбекова Айжан, Жамбыл облысы

Бұл Олимпиада тәуелсіз Қазақстан тарихын насихаттаудағы мұғалімдердің рөлін ерекше атап көрсетіп, олардың кәсіби дамуына мүмкіндік берген бірегей алаң болды. Қатысушылар тарих тереңіне үңіліп, білімдерін сынға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Шараны үйымдастырылған "El Umiti" корпоративтік қоры жастар арасында ұлттық сананы нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда ерекше үлес қосып келеді. Жеңімпаздар планшет, ноутбук және колонка сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталады.

news