2024 жылғы 26 қарашада Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтары "Smart Ustaz" жобасының тренері Майя Наримова өткізген «Оқытудағы эмоционалды күйзелістің алдын алу» тақырыбындағы тренингке қатысты.
Шаршау тақырыбы педагогтардың көпшілігінің қызығушылығын тудырып, қызу пікірталас өзегіне айналды. Оқыту барысында қатысушылар өздерінің кейстерімен, қиындықтарымен және уайымдарымен бөлісті. Сондай-ақ жаттықтырушыларға стресске немесе күйзеліске ұшырағанда не істеу керектігі және оған қалай дұрыс назар аудару туралы сұрақтар қойылды.
Жалпы алғанда "кәсіби шаршау" біздің қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Көп адам шаршауға ұшырайды, бірақ оны қалай еңсеруді біле бермейді. Кез келген маман өздеріне ыңғайлы уақытта www.smartustaz.kz порталында 24/7 ішінде «Мұғалімдердің кәсіби күю мәселесін түсінуі және еңсеруі: өзін-өзі реттеу құралдары» жедел курсынан өз бетінше өте алады.