2024 жылғы 6-7 қарашада Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтары «Smart Ustaz» жобасының жаттықтырушылары Майя Наримова мен Татьяна Федотова өткізген «Педагогикалық қызметте эмоциялық шаршаудың алдын алу» тақырыбындағы оқытуға қатысты.
Шаршау тақырыбы педагогтардың көпшілігінің қызығушылығын тудырып, қызу пікірталас өзегіне айналды. Оқыту барысында қатысушылар өздерінің кейстерімен, қиындықтарымен және уайымдарымен бөлісті. Сондай-ақ жаттықтырушыларға стресске немесе күйзеліске ұшырағанда не істеу керектігі және оған қалай дұрыс назар аудару туралы сұрақтар қойылды.
Smart Ustaz - педагогтарды, психологтарды және білім беру саласының қызметкерлерін осындай құзыреттерге мақсатты түрде оқытатын ең алғашқы жобалардың бірі.
Жалпы алғанда "кәсіби шаршау" біздің қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Көп адам шаршауға ұшырайды, бірақ оны қалай еңсеруді біле бермейді. Кез келген маман өздеріне ыңғайлы уақытта www.smartustaz.kz порталында 24/7 ішінде «Мұғалімдердің кәсіби күю мәселесін түсінуі және еңсеруі: өзін-өзі реттеу құралдары» жедел курсынан өз бетінше өте алады.