2024 жылғы 31 қазанда К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында мұғалімдерге арналған "Стигматизация немесе "қорлау" теориясы және оның педагогикалық әдеп нормаларымен/принциптерімен өзара байланысы" тақырыбында практикалық тренинг өтті. Тренингті Smart Ustaz жобасының жаттықтырушысы Майя Наримова өткізді. Ол тренингте педагогтарға оқушылармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін және олардың оқу процесіне тартылуын арттыру үшін практикалық құралдарды ұсында.
Іс-шарада мүғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуі, қарым-қатынас психологиясы, сондай-ақ балалар арасындағы қорлаудың алдын алудың әртүрлі формаларына ерекше назар аударылды. Мұғалімдер тренингтің іс жүзіндегі маңызының жоғары екенін атап өтіп, алған білімдерін келешекте өз сабақтарында қолдануға әзір екендіктерін білдірді. Шара соңында барлық қатысушыға сертификат берілді. Сондай-ақ мектеппен ынтымақтастық аясында мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауға және білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Тиімді ойлау дағдылары және когнитивтік икемділік» курсы Smart Ustaz білім беру платформасында сізге де қолжетімді: https://smartustaz.kz/course/22/kazcourse.