logo

Семей қаласында мұғалімдерге арналған сыни ойлау және тайм-менеджмент бойынша тренинг өтті

  • Мерзімі: 2022-03-19

Семей қаласының мектеп педагогтары арнайы тренингте сыни ойлау және уақытты жеке басқару дағдыларын игерді

Тренинг 2022 жылдың 17-19 наурыз аралығында өтті. Қатысушылар мақсат қою, жоспарлау және тиімді тайм-менеджмент сияқты жеке даму тақырыптарын талқылады. Тренингке 70-тен астам мұғалім қатысты. Іс-шара Smart Ustaz жобасы шеңберінде өткізілді. Педагогтармен икемді дағдылар жөніндегі кәсіби тренерлер жұмыс істеді. Әр мұғалім тұлғалық даму және өсу барысында өз оқушыларына, болашақ ұрпақтың қолайлы қалыптасуына әсер етеді.

Спикерлер ретінде:

Алина Хаматдинова, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры, тұлғалық өсу бағдарламаларының тренері және коуч, Нұр-Сұлтан қ.

Майя Наримова, «Отбасылық Академиясы» ҚҚ сарапшы-жаттықтырушысы, «Өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға көмек» ҚБ басшысы, ЮНИСЕФ ұлттық жаттықтырушысы,  Алматы қ.

Зухра Абдрахманова, «Отбасы академиясы» ҚҚ сарапшы-тренері, тәжірибеші-психолог, ұлттық жаттықтырушы, ЮНИСЕФ сарапшысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Семей қ.

news