toto
toto
slot
toto
toto
toto slot
toto
slot
slot
toto
6-7 июня в Астане Корпоративный фонд «Фонд «El Umiti» организовал республиканский семинар «Интеграция компетенций XXI века через содержание учебных предметов» на базе проекта «Smart Ustaz». | Smart Ustaz
logo

«El Umiti» қоры корпоративтік қоры «Smart Ustaz» жобасы негізінде 6-7 маусым күндері, Астанада «Оқу пәндерінің мазмұны арқылы ХХІ ғасырдың құзыреттілігін интеграциялау» атты республикалық семинар ұйымдастырды.

  • Мерзімі: 2024-06-10

Семинарға Қазақстанның барлық аймақтарынан білім саласының 30-дан астам сарапшылары қатысты.Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша барлығына сертификаттар табысталды.

Жобаның мақсаты - педагогтердің кәсіби өсуі мен дамуына қолдау көрсету. Семинарда мектептегі коммуникация, кооперация және ынтымақтастық, қақтығыстарды басқару стратегиялары, сондай-ақ оқушылардың өзара іс-қимыл дағдылары мен басқа да көшбасшылық қасиеттерін дамыту жолдары оқытылды.
Ал әр тақырыптан кейін педагогтер алған білімдерін іс жүзінде жаттығулар орындап, дағдыларын бекітті.

Тарих пәнінің екі мұғалімі Сингапур тәжірибесімен бөлісті. Олар биылғы жылдың сәуір айында «Smart Ustaz» жобасы аясында өткен байқау арқылы «Дарынды балаларды дамытуға арналған Сингапур білім беру жүйесі» Халықаралық оқу курсына тегін қатысу мүмкіндігіне ие болған еді.