logo

Құрметті ұстаздар, сіздермен маңызды жаңалықпен бөліскіміз келеді!

  • Мерзімі: 2024-01-29

Енді әрбір педагогтің «Өрлеу» БАҰО» АҚ негізінде «Педагогтердің бірыңғай деректер қорында» жеке цифрлық портфолиосы болады. Бұл портфолиода біліктілікті арттыру курстарының барлық сертификаттары көрсетілетін болады.

«El Umiti қоры» корпоративтік қоры «Тиімді ойлау дағдылары және когнитивтік икемділік» және «Оқушылармен және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу үшін әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті/дағдыларды дамыту» кәсіби даму курстарының тыңдаушыларының дерекқорын импорттағанымызды қуана хабарлаймыз. Бұл курстарды Білім министрлігімен 2022 жылы мақұлдаданған болатын.

Енді біздің ұжым сізге кәсіби өсуіңіз үшін бұдан да көп құралдар мен мүмкіндіктерді ұсынуға дайын.Ең өзекті ақпаратқа қол жеткізу және әріптестермен тәжірибе алмасу үшін біздің қауымдастыққа қосылыңыз!

Сертификатты мына сілтеме бойынша тексеруге болады:
https://db.orleu-edu.kz/Certificate/VerifyCertificate 

news