10-11 қазанда біз Шымкент қаласында А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте және М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған гимназияда тренингтер өткіздік!
10 қазанда орыс тілінде өткен тренингте біз «Стигматизация немесе «қорлау» теориясы және оның педагогикалық әдеп нормаларымен/принциптерімен өзара байланысы» туралы әңгімелестік. Ал қазақ тілінде өткен тренингте біз «Тұлғаның дамуын басқару: мақсат қою, жоспарлау, уақытты жоспарлау. Жасампаздық: шығармашылық іздену, педагогикалық міндеттерді ерекше шешу қабілеті. Өсуге деген талпынысты/икемді ойлауды дамыту» туралы әңгімелестік.
11 қазанда «Жасампаздық: шығармашылық іздену, педагогикалық міндеттерді ерекше шешу қабілеті. Өсуге деген талпынысты/икемді ойлауды дамыту» орыс тілінде және қазақ тілінде «Педагогикалық қызметтегі эмоционалдық шаршауды алдын алу» тақырыптарына тренингтер өтті.
Тамаша тәжірибе және білім алмасу болды!