3 қазанда «El Umiti» Корпоративтік Қоры Мұғалімдер күні қарсаңында «Педагогикадағы заманауи сын-тегеуріндер және кәсіби өсу мүмкіндіктері» тақырыбын талқылау үшін мұғалімдер, сарапшылар және зерттеушілердің қатысуынмен іс-шара өткізді
Бұл митап белсенді пікір алмасу және Қазақстан мұғалімдерінің кәсіби дамуы саласындағы өзекті тақырыптар мен жобаларды талқылау үшін тамаша алаңға айналды. Митап барысында қатысушылар педагогикаға байланысты түрлі тақырыптар бойынша қызу пікірталастар жүргізді. Олар оқыту әдістерін оқушылардың өзгермелі қажеттіліктеріне бейімдеу, оқу процесіне технологияларды енгізу және инклюзивті білім беруді дамыту мүмкіндіктерін зерттеді. Оқытушылар, сарапшылар және зерттеушілер арасында идеялармен алмасу білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін іздестіру үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етті.