logo

Ақмола облысында оқу тренингтері белсенді түрде өтті

  • Мерзімі: 2023-08-03

2023 жылдың 1, 2 тамыз күндері Солтүстік Қазақстан облысындағы «Корнеевка гимназиясы» КММ-де мұғалімдердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында оқу тренингтері өтті.

Бұл тренингтер білім саласындағы өте маңызды екі тақырыпқа арналды: «Баланың дамуы: жас ерекшелігі, қажеттілігі және жұмыс істеу тәсілдері» және  «Эмоционалды интеллекті дамыту - кәсіби күйзеліс, күюдің алдын алу құралы». Мұғалімдерге арналған тренингтерді тәжірибелі психолог пен жаттықтырушы Сергей Валерьевич Комаров өзінің терең білімі мен жоғары тәжірибесін енгізе отырып өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар өздеріне берілген деректерді толығымен меңгеріп, табысты өтті дей аламыз. Мәселен, мұғалімдерге жаңа ақпараттар, әсіресе өз қызметтері барысында қолданатын «Баланың даму барысындағы қажеттіліктері», «Жас ерекшеліктері», «Мен жеткізушімін», «Бес адам» секілді  тың әдіс-құралдар ерекше әсер етті.

Ал биылғы күзде біз бұл тренингтерді Абай және Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер біздің жүзбе-жүз өтетін оффлайн-тренингтерімізге қатысқыңыз келсеңіз, біздің поштамызға жазуға болады info@smartustaz.kz .