logo

Біз Тараздамыз!

  • Мерзімі: 2023-05-19

2023 жылғы 18-19 мамыр күндері Қор қызметкерлерінен құралған топ  Тараз өңірлік «Дарын» облыстық орталығымен бірлесе отырып «Әлеуметтік әріптестік - балалар мен жастардың дарындылығы мен қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында республикалық семинарлар өткізді.

Шара аясында педагогтар мен білім беру саласының қызметкерлері үшін педагогикалық қызметте эмоционалды күюдің алдын алу туралы семинар өтті. Семинар қатысушылары Наримова М.З. жаттықтырушымызбен бірге жұмыс барысында кәсіби шаршауға апаратын негізгі факторларды зерттеп, оған деген төзімділікті қалыптастыру дағдыларын меңгерді. Ал «Дарын» өңірлік орталықтарының директорлары мен Жамбыл облысының білім басқармасының өкілдері үшін Smart Ustaz онлайн оқыту платформасында «Тұлғаның өсуі мен кәсіби дамуын басқару: жоспарлау және мақсат қою. Тайм-менеджмент» және «Педагогикалық қызметте эмоционалды шаршаудың алдын алу» тақырыптарында тренингтер өтті.  
Бізбен бірге дамыңыз!

news