logo

Астанада көптен күткен жаттықтырушыларға арналған тренинг өтеді!

  • Мерзімі: 2023-04-27

Осыдан бір жыл бұрын біз жаттықтырушылар үшін республикалық деңгейдегі алғашқы тренингті сәтті өткізген едік. Тренинг нәтижесінде  15 қатысушы Ұлттық жаттықтырушы атанды.

Осыдан бір жыл бұрын біз жаттықтырушылар үшін республикалық деңгейдегі алғашқы тренингті сәтті өткізген едік. Тренинг нәтижесінде  15 қатысушы Ұлттық жаттықтырушы атанды.

Осыдан кейін бізге көптеген адамдар жиі хабарласып, жаттықтырушыларға байланысты тағы да тренинг өткізу туралы жоспарымызды сұрап жатты.

Осы орайда біз сіздерге 2023 жылдың 25 сәуірінен 14 мамырына дейін онлайн режимінде өтетін байқау жөнінде қуана хабарлағымыз келеді.  Бұл байқаудың жеңімпазы атанатын 20 адам осы жылдың 7-9 маусым аралығында Астана қаласында өтетін «Оқушылармен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттіліктерді/дағдыларды дамыту» бағдарламасы бойынша тегін 3 күндік тренингке шақырылатын болады.

Бұл байқаудан қандай пайда аласыз?

- біліктілікті арттыру туралы сертификат;

- сертификатталған ұлттық жаттықтырушы мәртебесі;

- икемді дағдылар негіздері және 4К;

- кәсіби даму және өсу.

Және тағы басқалар туралы келесі ай бойы хабарлайтын боламыз.

*20 жеңімпаздың жол жүруі, тамақтануы және тұруы шақырушы тарап есебінен қамтамасыз етіледі.

Байқаудың ережесін мен сауалнама нысанын келесі сілтеме арқылы жүктеуге болады.

олық ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8-800-080-48-48, email: info@smartustaz.kz

news