logo

Smart Ustaz жобасының тренингтеріне 100 ден астам педагог қатысты

  • Мерзімі: 2022-10-07

Smart Ustaz өткен аптада Қазақстанның түкпір-түкпірінде  4 тренинг өткізді.

2022 жылдың 05 қазанында Петропавл қаласында жаттықтырушы-практик психолог Ирина Акимова Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелерінің педагогтеріне арнап жеке даму, эмоционалдық және кәсіби күйзелістің алдын-алу сынды екі өзекті тақырыпқа арналған тренинг өткізді. Мұғалімдер жаттықтырушымен бірге нақты кейстерді шешіп, ұсыныстар ала алды.

2022 жылдың 6-7 қазанында Алматы облысында жаттықтырушы-практик психолог Татьяна Федорова @tanyacoord_f мұғалімдермен бірге стигматизация және буллинг мәселесін, сонымен бірге, балалар дамуының психо-физиологиялық және когнитивтік ерекшеліктерін талдады
Стигматизация және буллинг мәселелері әлемдік қоғамдастықта, әсіресе мектеп қабырғасында жиі қозғалуда. 50-ден астам қатысушы екі күн бойы стигматизация құбылыстарымен тиімді жұмыс істеу және буллингтің алдын алу туралы білді.

Бұл күндері жаттықтырушы Майя Жомарт Eurasian Center For People Management-пен бірлесіп «Маңғыстау облысының қала-ауыл мектептерінің серіктес командаларын дамыту стратегияларын қалыптастыру» жобасы аясында Ақтау қаласында мұғалімдермен екі күндік тренинг өткізіп, эмоцияларды, күйзелісті және өз дамуын басқару дағдыларының маңыздылығы мен практикалық қолданылуын қарастырды.

Жалпы, бір апта ішінде 100-ден астам педагог ең өзекті тақырып бойынша жаңа білім мен дағдыларды үйренді.

news