logo

«Smart Ustaz» жобасының алғашқы ұлттық жаттықтырушылары

  • Мерзімі: 2022-10-31

«Smart Ustaz» жобасының Жаттықтырушыларға арналған тренингке (ТоТ) қатысушылар 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісілген курстың алғашқы сертификаттарын алды. Бұл оларға басқа педагогтарды сабақтас құзыреттерге оқытуға мүмкіндік береді.

Тренинг «Smart Ustaz» республикалық байқауында жеңіске жеткен еліміздің әр өңірінен келген мұғалімдерді жинады. 40-қа жуық қатысушы Астана қаласында 26-28 қазан аралығында еліміздің жетекші коучтары мен жаттықтырушыларымен оқудан өтті. Енді сертификат алған әрбір мұғалім өз мектебінде ғана емес, өз аймақтарында да басқа мұғалімдермен білімдерімен бөлісе алады!

Жыл сайын мемлекет әдіснама, дидактикалық материалдар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқытуға жеткілікті қаражат бөледі. Бірақ, «Smart Ustaz» жобасы идеологиясы бойынша  түбегейлі ерекшеленеді.

«Біз адам әлеуетінің заманауи дамуын ұстанамыз. Егер мұғалімнің құзыреттілігі жеткіліксіз болса, жақсы дами алмайды, барлық білімді игере алмайды және оны балаларға бере алмайды. Бүгінгі таңда «Smart Ustaz» мұғалімдердің кәсіби және жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша оқытумен айналысатын жалғыз жоба. Білім - бұл шеберлік, адам жасайтын және қолданатын нәрсе, бірақ бұл икемді дағдылар емес. Икемді дағдылар құзырет бар жерде пайда болады», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова.

Smart Ustaz – мұғалімдерге, психологтарға, әлеуметтік педагогтарға және білім беру саласының басқа да қызметкерлеріне арналған инновациялық жоба. Жоба онлайн-платформа арқылы кәсіби және сабақтас құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Smart Ustaz – 21 ғасырдың инновациялық білімі, негізгі құзыреттері мен дағдылары. Сіздердің кез келгендеріңіз онлайн режимде 24/7 қолжетімді курстарға жазылып, тегін оқи аласыздар.

Бір ай бұрын  https://smartustaz.kz/  оқыту интернет порталы іске қосылды, осы уақытта 800-ден астам қатысушы тіркеліп, оқуды бастады.

Smart Ustaz-бен бірге дамыңыз!

news