Жаңа оқу жылы басталды, бізде жағымды жаңалық бар!
Біз www.smartustaz.kz онлайн платформамыздың іске қосылғанын қуана хабарлаймыз.
Бұл жобаны іске қосу оңайға соққан жоқ, қанша уақыт жұмыс істедік, жаттықтырушылар бағдарламаны сынап көрді, бейімдеді, ІТ мамандары біздің ұсынысымызды ескеріп, сайт әзірледі, жоспарымыз тез жүзеге аспады. Енді, міне сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Бүгін www.smartustaz.kz сайтына тіркеліп, тегін оқи аласыз.
Қысқа мерзімде біздің оқырманымыздың көбейгені қуанышты жайт.
Біздің оқырмандарымыз үшін Smart Ustaz дегеннің не екенін қысқаша айтып өтейік.
Smart Ustaz – бұл мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар және білім беру саласының өзге де қызметкерлері үшін инновациялық жоба. Жоба онлайн платформа арқылы кәсіби және сабақтас құзыретті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Smart Ustaz – бұл 21 ғасырдағы инновациялық білім, негізгі құзыреттер мен дағдылар. Кез келген адам онлайн режимде 24/7 форматында қолжетімді курстарға тіркеліп, тегін қатыса алады.
Платформада 4 модульден тұратын «Тиімді ойлау және когнитивті икемділік дағдылары» курсы бар. Бұл курс сыни және шығармашылық ойлау дағдысын дамытады, мұғалімнің кәсіби және жеке даму мүмкіндігін ашады, сонымен қатар стигматизация мен буллингті қалай азайтуға болатынына көмектеседі. Жақында тағы бір курсты іске қосамыз.
Smart Ustaz Қазақстандағы мұғалімдердің икемді дағдысын дамытудың іргетасы болатынына, бұл еліміздегі кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау мен сапалы білім берудің ажырамас бөлігі екеніне сенімдіміз.
www.smartustaz.kz сайтына тіркеліп, тренингтен өтіп, пікір жазыңыз, бұл біз үшін өте маңызды.
Бұл жазбаға лайк басып, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.