logo

Жаттықтырушыларға арналған тренинг (ТоТ)

  • Мерзімі: 2022-09-14

Тот (Жаттықтырушыларға арналған тренинг) жаңа бағыты үлкен танымалдыққа ие болып келеді Шеберлік сабақтары, коуч-сессиялар мен тренингтер туралы ақпаратты жиі естіп, көріп жүрген боларсыздар.

Елбасы Академиясы 2022 жылдың 26-28 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Smart Ustaz жобасын іске асыру шеңберінде қазақстандық мұғалімдер үшін Тот өткізетінін қуана хабарлаймыз! 

Егер сіз мұғалім болсаңыз, өз біліктілігіңізді арттырғыңыз келсе, сізде сертификатталған жаттықтырушы болуға және Smart Ustaz бағдарламасының "Тиімді ойлау және танымдық икемділік дағдылары" курсын алғашқылардың бірі болып өтуге мүмкіндігіңіз бар.

ТоТ нәтижесінде сіз мынаны үйренесіз:

1. Қолданыстағы интерактивті оқыту тәжірибесін қолдану

2. Тренингтік технологияларды қолдану

3. Жеке тиімділікті басқару дағдыларын дамыту

4. Оқу дағдыларын нығайту үшін жеке іс-қимыл жоспарын құру

Біз ТоТ арқылы жаңа білімді басқаларға үйрете алатын білікті жаттықтырушылар тобы жасақталады деп сенеміз.

Ал сіз жаттықтырушы болғыңыз келе ме? 

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз!

news