logo

Шымкент пен Түркістан қалаларында қазақстандық мұғалімдерге арналған тренингтер өтті

  • Мерзімі: 2022-05-05

2022 жылдың 3 және 4 мамырында мұғалімдер үшін «Тұлғалық дамуды басқару: мақсат қою, жоспарлау, тайм-менеджмент», «Эмоциялық интеллект, эмоцияларды басқару, күйзелісті басқару, жеке дамуды басқару. Эмпатия», «Педагогикалық іс-әрекетте эмоционалды күйзелістің алдын алу» тақырыптарымен Шымкент пен Түркістан қалаларында мемлекеттік тілде білім беру тренингтері өтті.

Тренингтер мұғалімнің жеке әлеуетін іске асыруға, мектеп қоғамдастығындағы интеграцияға, ішкі үйлесімділік пен тепе-теңдікке қол жеткізуге, эмоционалды құзіреттілікке, эмоционалды жағдайды басқару дағдыларын игеруге, стресске төзімділікке және басқаларға ынталандырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Сөзсіз басымдық – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл – бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Ұстаз– мектептің жүрегі»

Жақын арада білім беру саласының мұғалімдері мен қызметкерлері «Smart Ustaz» оқу материалдарына онлайн режимде тегін қол жеткізе алады. Оқу курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар сертификаттаудан өтеді. Мектептердің бұл жобаға қатысуы «аралас оқыту» әдістемесін тиімді қолдануға және оқу процесі кезінде икемді дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін тренингтер Семей, Қызылорда, Талдықорған қалаларында өтті.

news