logo

Педагогтерге арналған үш күндік тренерлерді даярлау тренингі

  • Мерзімі: 2025-11-16

Астанада педагогтерді кәсіби тренер ретінде дамытуға арналған үш күндік Smart Ustaz интенсив курсы аяқталды. иві аяқталды.

Бағдарлама елдің әр өңірінде қызмет етіп жүрген педагогтерді жинап, оқытудың, коммуникацияның және топпен жұмыс істеудің заманауи әдістеріне терең бойлайтын алаңға айналды.

Сонымен қатар, тренингтің төрт қатысушысы оқу ақысын, жолын және тұруын толық өтейтін толық грант жеңіп алды. Грант иегерлері: Нурия Сагитовна Ахмедова, Ермек Ғаниұлы Жақсыбаев, Марат Амандықұлы Қаниев, Наталья Валерьевна Финце.

Үш күн ішінде педагогтер ересектермен жұмыс істейтін тренерге қажетті басты құралдарды меңгерді:

  • топтық динамиканы басқару техникалары;
  • аудиториядағы агрессиямен, қарсылықпен және шиеленіспен жұмыс істеу әдістері;
  • назарды аудару, сабақ құрылымын құру және тартымды контент жасау тәсілдері;
  • күрделі сұрақтарға жауап берудің кәсіби үлгілері (модельдері);
  • қауіпсіз, қолдаушы оқу атмосферасын құру принциптері.

Әр модуль Smart Ustaz тренерлерінің практикалық жаттығуларымен, нақты кейстерді талдауымен және кері байланысымен сүйемелденді.

Қатысушылар тренингтің динамикалық форматын, практикалық бағытын және оқу барысындағы сенімді атмосфераны ерекше атап өтті. Үш күн бойы педагогтер өздерінің үйреншікті тәсілдерін қайта қарастырып, фасилитация, көпшілік алдында сөйлеу (публикалық коммуникация) және тренердің эмоционалды тұрақтылық бойынша дағдыларын нығайтты.

Бұл орта  білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, жаңа сападағы білім беруді құруға және Қазақстанның педагогикалық қоғамдастығын дамытуға дайын пікірлес мұғалімдердің кәсіби кездесу орнына айналды.