logo

Smart Ustaz Павлодарда

  • Мерзімі: 2025-09-30

2025 жылғы 30 қыркүйекте Павлодарда мұғалімдер мен мектеп психологтарына арналған тренинг өтті.

Бұл шара кәсіби дағдыларын жаңартуға және заманауи коммуникациялық тәсілдерді меңгеруге қызығушылық танытқан белсенді педагогтерді жинады.

Бағдарламаның негізі педагогтардың оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен өзара әрекеттесуін жақсартуға бағытталған Smart Ustaz курсының басты модульдерінің бірі – «Тиімді коммуникация дағдылары» курсы. Қатысушылар күні бойы диалог құрудың жаңа тәсілдерімен танысты, қақтығыс жағдайындағы мінез-құлық үлгілерімен жұмыс істеді, түсінікті және құрметке негізделген коммуникация техникаларын меңгерді, эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыратын жаңа құралдарды тәжірибеде сынап көрді.

Тренинг толықтай интерактив форматта өтті: практикалық тапсырмалар, шеңберде жұмыс істеу, талқылау, тәжірибе алмасу. Алғашқы жаттығу – «Мені мұнда әкелген қандай қызығушылық?» деген сұраққа жауап беру арқылы танысу болды. Бұл жаттығу педагогтер арасында өзара сенім мен ашықтық атмосферасын қалыптастыруға көмектесті. Педагогтер өздері кездесетін нақты қиындықтармен бөлісіп, бірлесе тиімді шешімдер іздеді.

Тренер Алина Хаматдинова қатысушыларға коммуникацияның жаңа үлгілерін сынап көруге, сұрақтар қоюға, кері байланыс алуға және заманауи әдістердің сабақты қабылдау мен білім беру ортасындағы өзара байланысты қалай өзгертетінін көруге мүмкіндік беретін динамикалық орта құра алды.

Педагогтер мұндай формат өз рөлін жаңаша түсінуге, балалармен және ата-аналармен қарым-қатынасқа жаңаша қарауға көмектесетінін атап өтті.